АҚШ-та 16-17 жастағы жеткіншектерге коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді. Мұндай шешімді Азық-түлік және дәрі-дәрмек агенттігі шығарған. «Pfizer» екпесі екінші компонентті қабылдағаннан кейін жарты жыл өткенде егіледі.
Жастарды иммундау ковидтің «омикрон» штамын таратпау бағдарламасы аясында қолға алынды. Вирустың бұл түрі АҚШ-та 100-ге жуық адамнан анықталды. Оны жұқтырғандар алдағы уақытта тіпті көбеюі мүмкін.
Елде 4,7 миллиондай жасөспірім толық вакцина алған. 2 жарым миллиондайына үшінші доза салынуы керек. Дегенмен ғалымдар екпе жастардың жүрегіне кері әсер етуі мүмкін деп алаңдап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та 16-17 жастағыларға вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149456/)