Елордада «Ұлы дала» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шығармашылық сайыс «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған. Байқауда 400-ге жуық шығарма сараланды. Оның 300-ден астамы іріктеліп, aikyn.kz сайтында жарияланды. Қатысушылар «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Көркем фильм мен телесериал сценариі», «Балаларға арналған шығарма» атты 5 аталым бойынша бақ сынаған.
Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
2014 жылы біздің съезімізді өткізген кезде партияның саяси бағдарламасын қабыл алдық. Сол кезде тұңғыш рет руханият, төл мәдениетіміз, отбасы құндылықтарды экономикадан да жоғары қойдық. Рух мықты болмаса, ешқандай экономика дамымайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Ұлы дала» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149503/)