Қостанай облысында «Қазпошта» қызметкері зейнеткердің есепшотынан 440 мың теңгені жымқырған. Лисаков қаласына қарасты Октябрь ауылындағы пошта бөлімінің басшысы өзінің жымысқы әрекетін 9 ай бойы жүзеге асырып келіпті. Ол үшін клиенттер жайлы ақпарат сақталатын бағдарлама қолжетімді болған.
Соны пайдаланып, бөлім басшысы зейнеткердің орнына өзі қол қойып, оның есеп-шотындағы ақшаны бірнеше рет алған. Әрекеті әшкере болған соң іс сотқа жетіп, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда «Қазпошта» қызметкері зейнеткердің есепшотынан 440 мың теңгені жымқырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149584/)