Ел аумағына Қырғызстаннан заңсыз жолмен 2 мыңнан астам смартфон жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Жамбыл облысындағы «Аухатты» бекеті арқылы өткен көліктің ішінен планшет, смарт-сағат және басқа да электронды құрылғылар табылған. Контрабандалық тауардың жалпы құны 1 миллиард теңгеден асады. Тексеру барысында тауардың ілеспе құжаттары жок екені белгілі болды. Аталған фактіні Жамбыл облысының шекара қызметі, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменті бірлесіп әшкереледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында контрабандалық смартфондар анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149666/)