![Астанада суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77029.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астаналықтар үшін керемет тарту. «Шежіре» қазіргі заман өнер мұражайында талантты суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды.
Пейзаж - Еленаның болмысына жақын жанр. Ол бейнелеген көркем дүниелерде сұлулық әлемінің табиғатпен үйлесімі, ортаның көңіл- күйі шеберлікпен суреттеледі.
17-18 ғасырдағы еуропалық суретшілердің еңбегін зерделеу Елена Тёнің шығармашылығын шыңдай түсті. Қылқалам шеберінің өнерін тамашалаймын деген көпшілік үшін көрме сәуір айының жетісіне дейін жалғасады.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада суретші Елена Тёнің көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14967/)