Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтады. 1991 жылы Тәуелсіздігімізді мойындаған алғашқы елдердің бірі – Италия еді. Сондықтан биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа да 30 жыл толып отыр. Шарада италиялық заманауи суретші Луиза Валентинидің «Раушан» инсталяциясы таныстырылып, Ұлттық музейге сыйға берілді.
Марко Альберти, Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
«Раушан» инсталяциясы біздің Қазақстанға деген сый-құрметімізді білдіреді. Сондықтан дәл осы картинаны таңдадық. Екі ел арасындағы достық жалғасын тауып, саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жалғасын табады деген сенімдеміз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италия елшілігі Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149678/)