Қытайдың материктік бөлігінен алғаш рет коронавирустың «омикрон» штаммы табылды. Мұндай диагноз елдің солтүстігіндегі Тяньцзинь порттық қаласының тұрғынына бүгін қойылды. Жақында Еуропадан оралған пациент қазір оқшауланып, ауруханада емделіп жатыр.
«Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, омикрон жұқтырған екінші адам оңтүстіктегі Гуанчжоуда анықталды. Ол қараша айында шетелден қайтқан. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін 67 жастағы азамат көпшіліктен аластатылып, үйінде емделе бастады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдың материктік бөлігінен алғаш рет «Омикрон» табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149683/)