![«Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» атты көрме ұйымдастырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77030.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Көкшетау қаласына - 190 жыл. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» атты көрме ұйымдастырылды.
Онда Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының тарихи-өлкетану мен әдебиет және өнер музейлерінің 200-ге жуық жәдігері қойылды.
Мақсат - қазақ қоғамындағы рухани құндылықтарды арттыру мен өзінің тарихына деген танымын кеңейте түсу.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақмола: тарих тоғысындағы өлке» атты көрме ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14969/)