Елде «Цифрлық ипотека» жобасы іске қосылды. Онлайн ипотека арқылы 400 адам үй алуға өтініш берген. Баспананы бірқатар екінші деңгейлі банктен онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Өтініш 5 минут ішінде қаралады. Цифрлық ипотеканы 10% алғашқы жарнамен рәсімдеуге болады. Жылдық мөлшерлемесі 12,5%-ке дейін. Пилоттық жобаны Әділет министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы және Цифрлық даму министрлігімен бірге іске асырды. Бұл халыққа банк бөлімшесіне бармай-ақ, тұрғын үй алуға тиімді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде «Цифрлық ипотека» жобасы іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149690/)