Биыл Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы басталып, оның 29-ы жыл соңына дейін пайдалануға берілді. Бұл - еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Мерекеге орай жаңа білім ошағының бірі Жетісай қаласында ашылды. «Тұран» мектеп-гимназиясында енді 1200 бала білім алады. Мектептің құрылысы екі жылға созылды. Дегенмен сапалы салынған ғимаратта спорт залы, зертхана кабинеттері мен тігін шеберханасы да бар.
Мөлдір Әбішова, мұғалім:
Ескі ғимаратта үш аусымда, сынып жетіспеушілігі көп болатын. Сол мәселелер шешіліп, балаларымыздың керемет білім алуына керемет жағдай жасалып отыр. Мектеп кең, жылы, жарық, өте әдемі. Соңғы заманауи үлгіде салынған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149775/)