Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құрметіне орай Украина астанасы Киевте көк Туымыз кең көлемде насихатталды. Қаланың көрнекті жерлерінде Мемлекеттік байрағымыз бейнеленген 80 билборд ілінді. Киевтен Аида Әбіл хабарлайды.
Аида Әбіл, тілші:
Қазақстанның Украинадағы елшілігі ұйымдастырған шара аясында Мемлекеттік Туымыз Киевте кең көлемде насихатталып жатыр. Ресми статиcтикаға сай, 3 млн адам тұрып жатқан ірі мегаполис – Киевте оның көрнекті көшелерінде байрағымыз бейнелеген 80 билборд ілінді. Бұл көрініс Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің мерейін тасытып, бір қуантып тастады.
Данияр Егамбердиев, Украинадағы қазақ диаспорасының төрағасы:
Біз, Украина қазақтары, елімізді егемендігімен құттықтаймыз. Мерейтойға орай, Киевте біздің көк Ту ілініп жатыр. Біз үшін бұл үлкен қуаныш, мереке құтты болсын!
Аида Әбіл, тілші:
Ресми ақпаратқа сай Украинада алпыс мың қазақ тұрып жатыр.
Аида Әбіл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақтың көк байрағы Украинада насихатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149787/)