Солтүстік Қазақстанда белгісіз біреулер жеңіл көлікке оқ жаудырған. Темір тұлпар Челябі-Новосібір тасжолы Чистое елдімекенінің маңынан табылды. Полицейлердің хабарлауынша, ақ түсті «Hyundai Accent» – облыстық Білім саласында сапаны бақылау департаментінің мүлкі. Жүргізуші көлік жүруге жарамай қалғандықтан, мемлекеттік номерін шешіп алып, жол жиегіне қалдырған.
«Hyundai Accent»-тің терезесі, бампері, шамдары сынған. Жүргізуші жақтағы есікке бытырадан екі рет оқ атылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстанда білім сапасын бақылау департаментінің көлігіне оқ атылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149816/)