Бүгін Семей мен Курчатов қалаларында көктайғаққа байланысты сабақ тоқтатылды. Семейде 1 мен 9 сынып оқушылары үшін екі ауысымда да сабақ онлайн форматқа көшірілген. Ал Курчатов қаласында бірінші ауысымда 1 мен 11 сынып оқушылары қашықтан оқыды. Кешелі бері өңірде күн жылып, түнде жаңбыр жауған. Қауіпсіздік үшін түнде Семей-Курчатов тас жолы жабылды. Сондай-ақ бүгін Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары және 12 облыста қатты желдің болуына байланысты ескерту жарияланды.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семей мен Курчатов қалаларында көктайғаққа байланысты сабақ тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149827/)