Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Президентке 11 ай ішіндегі елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфра-құрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы бас қаланың әкіміне жылумен қамту, инфра-құрылым, әлеуметтік тұрғын үй құрылысы салалары бойынша мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149862/)