Филиппин аралдарында «Рай» тайфуны құрбандарының саны 375-ке жетті. Мұны жергілікті полиция хабарлады. Оның дерегінше, тағы 56 тұрғын жоғалып кеткен.
Биылдыққа Филиппинге осымен 15-тайфун соққы беріп отыр. Алапат дауылдан Минданао аралындағы Орталық Висайас және Карага аймақтары қатты зардап шекті.
Жалпы алғанда, соңғы тайфун 1 миллиондай адамға зиян тигізіп, 450 мыңға жуық адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр еткен. Ал одан ауылшараушылығы мен инфрақұрылымға келген шығын 7 миллион долларға жуықтап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Филиппин аралдарында тайфун құрбандарының саны 375-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149890/)