Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды кесуге бақылау күшейді. Алтай – Парыгино трассасында шыршаны рұқсат құжатынсыз әкетіп бара жатқан тұрғын ұсталды. Ол енді 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Өңірде желтоқсан айының соңына дейін арнайы құрылған 22 мобильді топ орман шаруашылығының кіре берісін күзетіп, заңсыз ағаш кесудің алдын алмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдауға бақылау күшейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149893/)