Осыдан 30 жыл бұрын Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. Тарихи датаға орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында аталған ұйымның әлемдік аренадаға рөлін атап өтті. «30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады» деп жазды Мемлекет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент: Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149935/)