Маңғыстау облысында 100 адамға дейін жиын өткізуге рұқсат берілді. Бірақ іс-шараға қатысушылардың «ASHYQ» қосымшасындағы мәртебесі «жасыл» болуы шарт. Бұл жөнінде облыстың бас санитарлық дәрігері брифингте мәлімдеді. Ол өңірдің «жасыл» аймақта екенін, соған байланысты карантин тәртібі жеңілдетілгенін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149945/)