ШҚО-да жолды күтіп ұстамағаны үшін 34 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың дені айыппұл арқалаған. Облыстық Полиция департаментінің жол қадағалау мамандары соңғы айларда 200-ден астам тексеру жүргізді. Нәтижесінде Өскеменде бір күннің ішінде қарды уақытында тазаламаған 5 мердігер ұйым анықталды. Семейде де мұндай фактілер жоқ емес. Жолды уақытында жөндеп, белгілерді орнатпағаны үшін 25 адамға айыппұл салынған.
Айдарбек Сағидолла, мемлекеттік автоинспектор:
Ұйғарымды орындамағаны үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесіндегі екі лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы соммасы 741 мың 655 теңгені құрады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстанда 34 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149982/)