Португалия тұрғыны Франциско Люфинга Атлант мұхитын батпырауықтың күшімен жүзіп өтті. Оның қайығын әуе жыланы 6400 шақырым сүйреген.
Соның нәтижесінде қарашаның 3-де Португалияда жолға шыққан 38 жастағы азамат кеше Кариб теңізіндегі Мартиника аралының жағалауына аман-есен жетті. Дегенмен, Франциско қатты жел соққандықтан, 22 күн бойы Канар аралдарына аялдауға мәжбүр болыпты.
Оның ендігі арманы – батпырауық қайықпен Атлантиканы ең жылдам жүзіп өткен бірінші адам ретінде Гиннестің әлемдік рекордтар кітабына ену.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Португалия азаматы батпырауықтың күшімен мұхитты жүзіп өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/149991/)