Ақтауда 400-ге жуық үлескерді тақырға отырғызған құрылыс компаниясының басшысы 10 жылға бас бостандығынан айрылды. «Тастемір LTD» серіктестігінің директоры осыдан 2 жыл бұрын құзырлы органдардың рұқсатынсыз бірнеше тұрғын үй кешенін салу жөнінде жарнама беріп, үлескерлермен заңсыз келісімшарт жасаған.
Жұрттың сеніміне кіріп, олардан 1 млрд 812 млн теңгеден астам қаражат жинап алған. Бірақ құрылыс аяқсыз қалды. Ақтау қалалық сотында компания директорының алаяқтығы дәлелденді. Ал зардап шеккендерге 423 млн теңге көлемінде шығын өтелді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда құрылыс компаниясының басшысы 10 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150012/)