Екпенің екі дозасын алған Украина азаматтарына билік мың гривень яғни 16 153 теңгеден төлей бастады. Ол үшін қазынадан 110 млн доллар жұмсалмақ. Екпенің екі дозасын 13 млн украиналық алып үлгерген. 2 млн 300 мың адам Зеленский уәде еткен мың гривенді рәсімдеп үлгеріпті. Алайда үкіметтің мұндай ынталандыру қаражатын тұрғындар кез келген нәрсеге жарата алмайды.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Екпенің екі дозасын алған әрбір тұрғын мемлекеттен бөлінетін мың гривенді алуға тапсырысты телефон қосымшасы арқылы рәсімдей алады. Бұл ақшаға спорт зал немесе фитнес-клубқа , кинотеатр, мұражай, концерт немесе көрме орталығына бару үшін, ішкі әуе және теміржол көлігімен ел ішінде саяхаттауға жұмсауға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинада екпе алған тұрғындарға сыйақы төлене бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150087/)