Келер жылдан бастап мал дәрігерлерінің еңбекақысын 60 пайызға дейін өсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Тағы бір жаңашылдық - ветеринарлар қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау сынды өздеріне тиеслі емес жұмыстардан босатылады. Оның орнына ветеринариялық заңнаманы бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша қосымша міндеттермен айналысады.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Келесі жылдан бастап практикалық ветеринарлық дәрігерлердің жалақасы орта есеппен 50-60 пайызға өседі деп күтіп отырмыз. 17 өңірдің ішінен 3-4 өңір ендігі жылдың басында бюджетті қайта қарау процесі басталған кезде жалақыны көтеру мәселесін қайта қарайтын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Келесі жылдан бастап мал дәрігерлерінің жалақысы өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150093/)