Павлодар облысында мектеп автобусы өртеніп кетті. Көрші ауылға оқушыларды тасымалдайтын көліктің ішінде 6 оқушы болған. Өрт шыққан сәтте жүргізуші балаларды сыртқа шығарып үлгерген. Автобустың сау тамтығы қалмады. Алдын ала болжам бойынша от салондағы пештен шыққан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында мектеп автобусы өртеніп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150096/)