Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы облысында да жол жабылды. Қалың тұман түсіп, Алматы-Өскемен автожолы мен Қапшағай-Сарыөзек арасындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ал Батыс Қазақстанда бұрқасын салдарынан жолдар нашар көрінуіне байланысты Орал – Тасқала – Ресей Федерациясы шекарасы автожолында қозғалыс шектелген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Мамандар көлік жүргізушілерін ұзақ сапарға шықпауға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы және Батыс Қазақстан облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150181/)