Бүгін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаев туралы «Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясы эфирге шығады. 6 бөлімді туынды қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаның өмірі мен еңбек жолына негізделген.
Туындыда XX ғасырдағы қазақ халқының тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, қазақ жерінде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі.
Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Қарсақбай кентінде өтті. Туындыда Қаныш Сәтбаевтың рөлін актер Әсет Есжан, Таисия Кошкина (Сәтбаева) сомдайды.
Телехикая режиссері - Ерлан Нұрмұхамедов, сценарий авторлары – режиссер Әмір Әменов пен Ален Рахметалиев.
«Қаныш. Қазына» тарихи телехикаясы «Qazaqstan» телеарнасынан 27-29 желтоқсан күндері 20:35-те эфирге шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы эфирге шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150224/)