Испанияның Пальма аралында 100 күнге жуық атқылаған вулкан ресми түрде сөнді деп жарияланды. Мұндай мәлімдемені Канар аралдарының аймақтық қауіпсіздік қызметінің басшысы Хулио Перес баспасөз маслихатында жасады.
Оның дерегінше, қыркүйектің 19-да оянған вулкан 3 мыңдай ғимаратты қиратып, 1200-ден астам гектар аумақты лавасымен жапқан. Сонымен қатар эвакуацияланған 7 мыңдай адамның үйі тұруға жарамай қалған. Бұған қоса, талай жол бөгеліп, плантациялар от пен күлден зардап шекті. Дегенмен үш айдан астам уақыт ішінде ешкім алапат вулканның құрбанына айналмады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияның Пальма аралында 100 күндей атқылаған вулкан сөнді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150232/)