![Қазақстанда «Ashyq»-та «көк» мәртебесі барларға жаңа шектеу енгізілуі мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/12/28/1640682922514.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
5 қаңтардан бастап «Ashyq»-та статусы «көк» адамдарға ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, банк, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін. Сондай-ақ, тізімде караоке, бассейн, монша және спорт орталықтары да бар.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты. Жаңа шектеуді 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.
«Вакцина салу, жаппай ревакцинация жасауды арттыру және эпидемияға қарсы іс-шаралар елдегі жағдайдың нашарлауына жол бермейді», - деді Жандос Бүркітбаев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда «Ashyq»-та «көк» мәртебесі барларға жаңа шектеу енгізілуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150285/)