Мәдениет пен спорт саласының жетістіктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет пен спорт саласының жетістіктері

30.12.2021

Биыл елімізде тарихи-мәдени мұра нысандарының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілді. «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені салынды. «Ұлытау» музей-қорығының визит-орталығы абаттандырылды. Бұл мәдениет саласында атқарылған сүбелі жұмыстардың бір парасы ғана. Спортты да көп өзгеріс күтіп тұр.Жыл бойына қос салада атқарылған жұмыс ауқымды.

Биыл елімізде Сарайшық», «Сауран», «Гаухар ана» визит-орталығы салына бастады. «Сауран» және «Яссы» ортағасырлық қалашықтары қалпына келтіріліп жатыр. Тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі ең ауқымды жобалардың бірі - түркі әлемінің ресми астанасы болып танылған Түркістан қаласын дамыту. /// Сонымен қатар, «Алтын Орда» тақырыбын насихаттау бойынша жұмыстар Мемелекет басшысы деңгейінде қолға алынып, бірқатар тапсырма жүктелді. Бастамаларды ке¬лесі жылдан бастап жүзеге асыру көз¬деліп отыр. Осы ретте Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жалпы биыл мәдени-танымдық іс-шараның басым бөлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.Әрқайсысында егемендік алғаннан бері жетістіктеріміз айтылып, әрбір айға тақырыптық атау берілді. Мысалы, ақпан айы «Қазақстан - спорттық ұлт» деп аталды.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Жалпы жыл басынан бері 500-ден астап спорттық шаралар өткізіліп олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағытталды.

Бір жылда жарты мыңға жуық шара өтіп, спортты дамытуға қыруар қаржы бөлінсе де биыл Қазақстан Токиодағы Олимпиадада алтын бұйырмады. 8 қола медальды місе тұтуға тура келді. Бұдан соң жүргізілген талдау елдегі спортты толық трансформациялау, саланы басқарудың қазіргі тетіктерін реформалау қажеттілігін көрсетті. Сол себепті «Спортты трансформациялау» жобалық кеңсесі құрылды.

Токиодан Паралимпиадалық спорт түрлері Давид Дегтярев қана алтын медальмен оралды. Ол жуықта Грузияда өткен әлем бірінішілігінде де алтынанан алқа тағынды.

Давид Дегтяров, Парапауэрлифтингтен токио паралимпиадасының чемпионы:

Мен үшін әр жеңістің орны ерекше. Шексіз қолдау көрсеткен әрбір отандасыма алғыс айтамын. Енді, Париж ойындарына дайындаламыз.

Давид Дегтярев енді баратын Парижде кезінде күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов чемпион атанған. Биыл еліміз даңқты балуанның 150 жылдығын атап өтті. Осыған орай Түркістан қаласында қазақ күресінен халықаралық турнир ұйымдастырылды. Алып күш иесінің өмірі мен өнері туралы үш тілде жазылған кітап пен деректі фильмнің тұсауы кесілді. «Күш атасы – Қажымұқан» деп аталатын кітапта балуанның өмірі мен туған жеріне қатысты ел арасында айтылатын кейбір жаңсақ пікірлерге нақты деректер жазылған.

Бақтияр Тайжан, Кітаптың құрасырушы-редакторы:

Қажымұқан туралы Қараөткелде туды деген әңгіме бар, одан кейін мынау Шілікте туды дейді. Қай жерде туса да Қажымұқан біздің ортақ тұлғамыз. Сондықтан Қажымұқан анда туды, мында туды деп таласуға болмайды.

Биыл Жамбыл Жабаевтың 175 және Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар да ұйымдастырылды. Ұлытауда Жошы хан мазары маңында салынып жатқан тарихи-мәдени кешеннің құрылысы аяқталды.


Хабарламаларға жазылу