Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысындағы газ бағасына қатысты түсініктеме берді.
«Жергілікті тұтынушыларды қолдау үшін газдың бағасы реттелді және тоннасына 38 мың теңге деңгейінде белгіленді. Яғни, экспорттық бағадан 5-6 есе төмен. Бұл ретте «Қазақ газ өндеу зауытында» сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына, шамамен, 100 мың теңгені құрайды», - деді министр.
Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Қазақстандағы сұйытылған мұнай газының бағасы өңірдегі ең төмен баға.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 100 мың теңгені құрайды - Энергетика министрі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150446/)