Маңғыстаудағы ахуалға байланысты қоғамдық штаб құрылды. Оның құрамында облыстан сайланған мәжіліс депутаттары мен өңірдің белсенді азаматтары бар. Мақсат – халықтың уәжін билікке жеткізу. Газға қатысты туындаған мәселелердің оңтайлы шешілуіне дәнекер болу.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, Маңғыстаудың амандығы – барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын. Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты елдің талабын үкімет комиссиясына жеткізіп, сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу. Біз осыған жұмыстанамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында қоғамдық штаб құрылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150484/)