Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Ал Үкімет мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін атқаруды жалғастырады. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Жарлығымен Үкімет таратылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150504/)