Президент Жарлығымен Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Президент көмекшісі лауазымын атқарған. Мемлекет басшысы Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік хатшы лауазымынан босатылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150505/)