Алматыдағы оқиғадан кейін әртүрлі дене жарақатын алған 190 адам емдеу мекемелеріне қаралған. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жарақат алғандардың 150-уі жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінген. Қалғаны емдеу мекемелеріне өздері барған.
Жалпы, зардап шеккендердің ішінде 137 полиция қызметкері, 53 қала тұрғыны бар. Қазір 40 адам ауруханада жатыр. 7 тұрғын жансақтау бөліміне түскен. Оның 4-уі полиция қызметкері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы оқиғадан кейін 190 адам емдеу мекемелеріне қаралған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150564/)