![Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77077.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
2013 жылдың 22 наурызында туған 25 сәби Наурыз мейрамымен байланысты есімдерге ие болған. Олардың 7-іне - Наурыз, 9 сәбиге – Наурызбек, 6 сәбиге – Наурызбай, 3 сәби Наурызғали, Наурызгүл, Наурызхан деген есімдерге ие болған.
Мерекеге байланысты ат қоюдан Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бұл өңірлерде дүниеге келген - 5 сәбиге, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында – 3 сәбиге, Ақтөбе және Атырауда – 2 сәбиге, Шығыс Қазақстан облысында 1 сәбиге мерекеге байланысты есім берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтар сәбилеріне Наурыз мейрамымен байланысты есімдер беруде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15060/)