Төтенше жағдайға байланысты тегін хабарлама жіберіп, қоңырау шалуға болады. Ұялы телефондарға Ақордадан осындай мәлімет келіп жатыр. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, байланыс операторлары азаматтарға 200 sms және желі бойынша кез-келген бағытта 300 минут тегін сөйлесу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шара интернеттің уақытша жұмыс істемеуіне байланысты жүзеге асырылып отыр. Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан қаласында интернет желісі жұмыс істеп тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байланыс операторлардан әр абонентке 200 sms пен 300 минут тегін беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150697/)