Қостанай облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 650-ден астам адам ұсталды.
Оларға қандай жаза қолданылуы мүмкін?
Бағдат Тобылбай, тілші:
Облыста төтенше жағдай кезінде заңға қайшы әрекет жасаған 650-ден астам адам ұсталды. Олардың 220-ның ісі әкімшілік сотта қаралып жатыр. Яғни 5-15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Мұның сыртында Қылмыстық Кодекстің 269-бабы бойынша, яғни ғимараттарға, байланыс орындарына шабуыл жасау және басып алу әрекетіне сәйкес тергеу жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпталғандар 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Қазір облыс аумағына блокбекеттер қойылған. Түнгі сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін елдімекендерде, қалараралық жолдарда қатынас толық тоқтайды. Бұл уақытта тек арнайы қызметтік көліктердің ғана жүруіне рұқсат. Жалпы, облыста жағдай тұрақты. Барлық әлеуметтік нысан, шағын азық-түлік дүкендері жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көлік жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында төтенше жағдай талабын бұзған 650 адам ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150766/)