Қазір елордада жағдай тұрақты. Шаһар толығымен жедел бақылауда. Ал 6 блок бекетте күндіз-түні тексеру жүргізіліп жатыр. Толығырақ ахуалды полиция департаментінің баспасөз қызметкері Эльмира Шауленова баяндайды.
Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу үшін қалада құқықтық тәртіп жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр. Егер күмәнді адамдар туралы ақпарат болса, полицияға хабар беруге болады. Аса қажет жағдай болмаса, қала аумағынан шықпауыңызды, үйде болуыңызды сұраймын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда 6 блок бекетте тексеріс жүргізіліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150805/)