Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысын өткізді. Оған Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрінің міндетін атқарушысы қатысты. Президентке жеткізілген мәліметтерге сүйенсек, қазірдің өзінде ұсталағандардың саны 5800-ге жетті. Басым бөлігі шетел азаматтары екені анықталды. Қазіргі уақытта 125 қылмыстық іс қозғалған. Жалпы айтқанда, барлық өңірлерде ахуал тұрақталып келеді. Жағдай тәртіп сақшыларының бақылауында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазіргі ахуал: Ұсталағандардың саны 5800-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150827/)