Ертеңнен бастап Алматыда қоғамдық көлік қатынай бастайды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр. Таңғы сағат 07:45-тен кешкі 20:00-ге дейін 11 бағыт бойынша 130 автобус жолға шығады. Жүру интервалы 20-30 минут. Автобустар әсіресе орталық көшелер бойымен экранда көрсетілген кесте бойынша жүріп өтеді. Ал метро қызметі төтенше жағдай аяқталмайынша қосылмайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ертеңнен бастап қоғамдық көлік қатынай бастайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150849/)