Ақтөбеде өткен түнде коменданттық сағат талабын бұзған 89 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың 32-сіне айыппұл салынды. Бұл туралы облыстағы комендант Қанат Әлиев айтты.
Сондай-ақ бүгін аймақта коменданттық сағат уақыты өзгерді. Енді көшеге түнгі 23.00-ден таңғы 07:00-ге дейін шығуға болмайды. Бұған дейін далаға түнгі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін шығуға тыйым салынған еді.
Қазір Ақтөбе облысында барлығы 10 блок бекет тұр. Олардың 3-еуі қаланың кірберіс жолдарында, қалғаны аудандарда тұр.
Жалпы, алғанда, өңірде жағдай тұрақты. Ақтөбеліктер қалыпты өмірге оралды. Облыс және аудан әкімдіктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өңірде дәрі-дәрмек, азық-түлік қоры жеткілікті. Теміржол вокзалы мен әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көлік жүріп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150871/)