Бүгін жетісулықтар тергеу изоляторының қызметкері, прапорщик Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 7-сі күні мұздай қаруланған террористер Талдықорғандағы тергеу изоляторына шабуыл жасаған болатын.
Кескілескен ұрыс кезінде шабуылдаушылардың оғы полицейдің басына және аяғына тиіпті. Ербол Ержанов ЛА-155/16 жабық мекемесінде тапжылмай 22 жыл мінсіз қызмет еткен. Осы қаңтар айында зейнетке шығу керек болған. Марқұмның артында еңіреп ата-анасы, жары және екі баласы қалды.
Төлеубек Іңкәрбаев, марқұм Е.Ержановтың әкесі:
Халқы үшін, елі үшін кетті балам, сіздер үшін. Бәріміз ауызбіршілікте болайық. Міне, көрдіңіздер ме, кішкентай дүние қалай қопарып жіберді. Халықты пайдаланып кетті, бізді пайдаланды. Азаматтар, ондайға бармаңыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу жұрты қаза тапқан полицейді ақтық сапарға шығарып салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150899/)