Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойған. Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні алдымен Ақордада, мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктерде, сондай-ақ шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылды. Трагедиялық оқиғалар салдарынан еліміздің бірнеше аумағында көптеген адам қаза тапты. Әрбір өшкен өмір - бұл орны толмас қайғы. Өз жақындарын жоғалтқан жанұяларға қайғырып көңіл айтамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150917/)