Мәжілістің Бюро отырысы Жалпы ұлттық аза тұту күніне орай үнсіздікпен басталды. Спикер барлық депутаттардың атынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының бірінші күннен бастап Жаңаөзен мен Ақтауда басталған бейбіт шеруде оқиға орнына барып, Үкіметтік комиссиямен бірге жұмыс істегенін айтты. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары түрлі алаңдарда Мемлекет басшысының шешімдерін белсенді түрде қолдап, жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар жаңа заң жобалары бойынша жұмыс басталғанын мәлімдеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаттары жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар жаңа заң жобасын қарай бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/150947/)