![«Астана Опера» театрында вокалдық музыкалық кеш өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77096.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана Опера» театрында Әлфия Кәрімова мен Сүндет Байғожиннің вокалдық музыкалық кеші өтті. Онда өнерсүйер қауым үшін бұрын-соңды естімеген романстар мен ариялар, сондай-ақ, башқұрт елінің халық әндері шырқалды.
Концерттік бағдарлама көрермендерге ұлттық музыкадан бөлек, классикалық музыка туындыларын әлемнің 8 тілінде тыңдауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Әлфия Кәрімова - Башқұрт елінің Еңбек сіңірген әртісі. Ол осыған дейін Испания, Ұлыбритания, Ресей елдерінің рухани ордаларында өнер көрсеткен.
Айдан ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана Опера» театрында вокалдық музыкалық кеш өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15095/)