![Атырау облысының өнерпаздары Түркияда концерт берді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77100.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған делегация Түркия, Германия және Австрия елдерімен мәдени қарым-қатынасты дамыта түсу мақсатында сапарға шықты. Қазір олар Түркияда екі жақты кездесулер өткізіп, тараптар мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға уағдаласуда.
Ал, делегация қатарындағы Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық академиялық ұлт-аспаптар оркестрі мен өнерпаздар бауырлас елдің 4 қаласында концерт беріп үлгерді. Казақтың күмбірлеген күйі мен сазды әуені көрермен жүрегін бірден жаулап алды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысының өнерпаздары Түркияда концерт берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15102/)