Қазақстанның Құрылысшылар одағы террорлық шабуылдар барысында қаза тапқан әскери қызметкерлер мен полицейлердің отбасына пәтер береді. Қазіргі уақытта одақ Алматы қаласын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуда. Арнайы мамандар мен техника жұмылдырып, қираған ғимараттар мен қала көшелерін тазарту ісімен айналысып жатыр. Одақ мәлімдемесінде: «Орын алған жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, барлық отандық кәсіпкерлерді игі істе жарысуға шақырамыз» - делінген.