Тәртіпсіздік салдарынан бизнеске келген шығын 95 млрд теңгеден асты. Тек Алматының өзінде кәсіпкерлерге 94 млрд теңгеге жуық экономикалық залал келтірілген.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы байланыс орталығына азаматтардан 3500-ден аса қоңырау түскенін хабарлады. Көбінің ғимаратын қиратып, тонап кеткен. Тоғыз өңірде 1500-ге тарта кәсіпкерлік нысан зардап шеккен. Бұл әзірге анықталғаны ғана. Зардап шеккендердің басым бөлігі саудамен айналысып келген. Сонымен бірге қоғамдық тамақтану орындары, қаржы секторы, логистика мен БАҚ ғимаратына да шығын келді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәртіпсіздік салдарынан бизнеске 95,3 млрд теңге шығын келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151090/)