Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сөзінде білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының елімізде филиалдарын ашуды тапсырды. Бұл ең алдымен білім сапасын арттырып, білікті мамандарды оқытып шығаруға мүкіндік бермек. Сондай-ақ жоғары технологияларды игеруге де жол ашады дейді блім саласының мамандары.
Дария Қожамжарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры:
Президенттің тапсырмасының ішінде өңірлерде шет елдің рейтингі жоғары топтағы университетімен жұмыс істеу, оқытушы- профессорлар құрамымен араласу мәселесі қарастырылып отыр. Бұл біздің елімізге жаңа технологиялар алып келетініне кәміл сенімін. Және біздің оқытушы-профессорлардың көпдеңгейлі бағытта жұмыс істеуіне жол ашады деген ойдамыз.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлемдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151094/)