Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай қайта ушығып, мегаполис бүгін «қызыл» аймаққа енді. Өткен тәулікте шаһарда 141 адам коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Инфекцияға шалдыққандардың 41-і ауруханаға жатқызылған. Өзгесі үй жағдайында дәрігерлердің нұсқауымен ем қабылдауда. Бүгінде инфекциялық стационарларда жалпы 167 науқас жатыр. Ауруханалардағы төсек орындардың 66 пайызы сырқаттарға толған. Эпидемиологиялық жағдай өршісе ауруханаларда орындар 5 мыңға дейін көбейтіледі. Қазір қалада екі айға жететін дәрі дәрмек қоры бар. Медициналық мекемелер үш айға қажетті препараттармен қамтамасыз етілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент «қызыл» аймаққа енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/151100/)